17:18, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
«Нұр Отан» «Бақытты балалық шақ» атты партиялық жобаны іске қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған «Бақытты балалық шақ» атты партиялық жобаны іске қоспақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» сарапшылар тобының отырысында партия хатшысы Эльдар Сыздықов мәлім етті.
«Жоба аясында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған шаралар өткізілетін болады», - деген ол бұған дейін бала асырап алғандардың олардан бас тарту деректері жиілеп кеткендігіне қынжылыс білдірді.
«Сондықтан да біз аталған саладағы өкілетті органдармен, азаматтық сектор өкілдерімен бірлесіп бұл мәселені жүйелі шешуге ниет танытып отырмыз», - деді Э.Сыздықов.
Айта кетерлігі, бас қосуда инклюзивті білім беруді мектептерде, дуалды білім беруді техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерде енгізу мәселесі талқыланды.