«Нұр Отан» елдің мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздеп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы өзінің «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында елдегі мұнай-газ секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлауда.
«Экономикалық қайта өзгерту бағыттары» атты тармақта «Нұр Отан» партиясы алдағы 5 жылда индустриалдық дамудың негізгі басымдығы анағұрлым перспективалық төрт бағытқа аударылатынын көрсеткен.
«Біз еліміздің тау-кен металлургия кешенін дамытуда басымдықтарды ауыстырамыз. Бұл - 4 және 5 қайта бөліністегі түсті, сирек кездесетін металдар мен минералды шикізатты кешенді қайта өңдеуге көшу. Бұл қадам 2021 жылға қарай түсті металлургия экспортын 20 пайызға өсіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, біз геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын ырықтандыру, тасымалдау бағытын әртараптандыру арқылы мұнай-газ секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз», - делінген бағдарламада.
Партия, сонымен қатар, үшінші бағыт бойынша, экономиканың электр энергетика секторына инвестициялар ағынын қамтамасыз етпек. Бұл үшін 2019 жылы «KEGOC» АҚ-ның Есептік-қаржы орталығы негізінде Қуатты және жаңартылатын энергия көздерін бірыңғай сатып алушы моделін енгізіп, өңірлік электр желілік компаниялардың саны қысқартылады және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ірілендіріледі.
"Аграрлық сектор Қазақстанның болашақ экономикалық өсуінің басты драйверлерінің біріне айналады. Негізгі екпін ауыл шаруашылығына арналған инфрақұрылымды және аграрлық ғылымды дамытуға, жаңа теxнологияларды енгізуге түсіріледі. Ауыл шаруашылығындағы өнімділік 3x2021 жылға қарай 1,5 есе өседі", - делінген партияның сайлауалды тұғырнамасында.
Онда атап көрсетілгеніндей, ауыл шаруашылығын төртінші бағыт ретінде мемлекеттік субсидиялар нақты өнім өндіруге бағытталатын болады.
"Сертификаттаудың xалықаралық стандарттарын енгізу арқылы біз экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай, Түркия және Швейцария нарықтарына шығарамыз. Біз ішкі нарықты отандық тамақ өндірісі өнімдерін толтыру үшін жағдай жасайтын боламыз. Алдағы 5 жылда біз құс еті импортының үлесін 55%-дан 40%-ға дейін, сүт импортының үлесін 28%дан 25%-ға дейін қысқарта аламыз және солай жасауға тиіспіз", - деп жазады "Нұр Отан".