Nur Otan: Еңбек дауларын шешу тәртібі жеңілдейді
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 желтоқсан күні «МАЭК Казатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Андрей Могилин және Шамсадин Гусейновпен кездесіп, «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарымен танысты. Саяси ұйымның мемлекетіміз бен өңіріміз үшін мүделлі жұмыстарын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл дүниежүзіне таралған пандемияға байланысты Қазақстан да басқа елдер сияқты қиын кезеңді бастан кешіруде. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстанып жатқанын атап өтті кандидаттар. Сонымен қатар олар партияның мақсаты қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру екенін баса айтты.
Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында республика көлемінде 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласы дамып, 170 мың жұмыс орны құрылады. Ауыл шаруашылығына да басымдық беру арқылы 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа кәсіпкерлікке оқыту, қайта даярлау курстарына қамтылатын адамдар саны ұлғаяды. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларға қолдау көрсетіліп, еңбек қауіпсіздігі жақсарады.
- «Nur Otan» партиясы еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңтайландыру, еңбек заңнамасын бұзатын адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасап және ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру мәселесін алға қойып отыр, - деді кандидаттар.
Шара барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Маңғыстау облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.