«Нұр Отан» ХДП дағдарыс кезеңі бойынша арнайы бағдарлама әзірлейтін болады

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Нұр Отан» ХДП дағдарыс кезеңі бойынша арнайы бағдарлама әзірлейтін болады.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің отырысында аталған Стратегия жобасымен таныстырған «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Институт директорының айтуынша, қазіргі мемлекеттік дамуға сәйкес, «Нұр Отан» партиясының мойнына әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізу үшін үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. «Осы тұрғыдан келгенде партияның үлкен қозғаушы күш ретіндегі рөлі артып, әлеуметтік-экономикалық бағдарлар бойынша тиісті нормалар жасауы қажет. Сондықтан да партияның дағдарыстық кезең бойынша арнайы бағдарламасы әзірленеді. Бұл бағдарлама дағдарыс жағдайында Қазақстанның экономикасында, саясатында, әлеуметтік саласында және мемлекет дамуындағы маңызды салаларда атқарылатын жүйелі шараларын қамтиды. Негізгі мемлекеттік саясаттың орындалуын қадағалау бойынша министрліктер мен ведомстволар арасында жаңа әлеуметтік стандарттар, атқарылған жұмыстарды бағалау нормалары әзірленеді. Бұл шара мемлекеттік органдардың жұмысын қоғамдық бақылау тұрғысынан маңызды болып, қоғамның өзекті мәселелері бойынша жергілікті билік қызметтерін уақытылы реттеп отыруға мәжбүрлейтін болады», деді Ж. Құсманғалиева. Оның айтуынша, Стратегиялық жоспар жобасына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық прогресс еліміздің әрбір азаматынан басталатын болады. Сонымен бірге, партияның халықты жұмыспен қамтудың стратегиялық бағдарламасына белсенді түрде араласатынын айтқан Ж. Құсманғалиева, бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы жаңа әлеуметтік бағдарлама әзірлейтінін атап өтті. Оны әзірлеу жұмысына аталмыш саланың беделді мамандары тартылатын болады. «Жалпы дағдарыс жағдайында көптеген жұртшылық әлеуметтік жұмыла білуді танытса игі. Мемлекет те халықтан осыны күтеді. Өйткені, басқа жұмысқа ауысу, қазіргі қажетті мамандықтарды игеру, өзінің шағын бизнесін дамыту шаралары өзекті болып қала береді. Партия міндеті осындай мемлекеттік шараларға кең ауқымда ақпараттық, насихаттық, ұйымдастырушылық қолдаулар білдірумен қатар, халықты ішкі кедергілерді еңсеру үшін жұмылдыру болып табылады», деді Ж. Құсманғалиева. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық іс-қимыл жоспары партияның алдағы уақытқа жоспарланған ХІІ съезінде қабылданады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар