«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Үкіметтің дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған кеңейтілген жиын өткізеді

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының мүшелері Үкіметтің дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған кеңейтілген жиын өткізеді.
None
None
Бұл туралы бүгін партияның кезекті брифингінде «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақпанның 6-сында ҚР Парламенті Мәжілісінде өтетін басқосуға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшылары қатысады. Сонымен бірге, осы күні «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысы өтеді. «Кеңестің кезекті жиынында «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Заңның орындалуына қатысты орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда жүргізілген тексеру қорытындылары талқыланады. Мұндай тексерулер әкімшіліктерде, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және сауда министрліктерінде және салық комитетінде жүргізілді», - деп атап өтті Оксана Петерс.
Соңғы жаңалықтар