«Нұр Отан» ХДП-ның «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық шарасы аясында азаматтарды Еңбек вице-министрі Ә.Нүсіпова қабылдады
қпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының республика бойынша филиалдарында өтіп жатқан «Бірыңғай қабылдау күні» аясында, партияның Орталық аппаратында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпованың халықпен жүздесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «Бірыңғай қабылдау күні» аясында тұрғындарды партияның Бас аппаратында түске дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қабылдады.
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету, мүгедектерді қолдау, жұмыскерлер мен оралмандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған Ә.Нүсіпованың жеке қабылдауына 40-қа жуық адам тіркелді.
Вице-министрдің айтуынша, мұң-мұқтаждарын айтып келгендердің арасында Астана қаласының құрылыс нысандарында жұмыс берушімен келісімшартқа отырмай, ақырында айлап еңбекақыларын ала алмай жүрген азаматтар көп. Сондай-ақ мүгедек балаларының күтіміне байланысты жұмысқа шыға алмай, әлеуметтік көмек сұрап келіп отырғандар да баршылық.
Айта кетейік, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолдарында кембағал балалары бар аналарға, олардың қамқоршылары мен ата-аналарына ай сайын 15 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы беріле бастады.