"Нұр Отан"ХДП облыстық филиалында жергілікті өзін-өзі басқару жайы талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалында басқарма,
департамент өкілдері және ауыл, кент округі әкімдерінің қатысуымен жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және әріптестік қарым-қатынасты нығайту мәселесі туралы жиын болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Рзағұл Нұртаев Елбасы Жолдауында атап көрсетілген келелі мәселелерді жан-жақты саралап, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Бұл орайда ол бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі қажеттігіне назар аударды.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ұзақ Оралбай үстіміздегі жылы өңір ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан 1828,3 млн. теңге субсидия бөлінгендігін атап өтті. Сонымен бірге, екінші деңгейлі банктер мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 48 шаруашылық нысанына 1193,2 млн. теңге жеңілдетілген несие берген.Бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерімен тұтынушыны қамтамасыз ету үшін азық-түлік белдеуін 80 елді мекендерде жүргізу көзделуде. Осы өнім түрлерін жүйелі өткізуді мақсат тұтқан "Оңтүстік" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сервистік дайындау орталығын құрды.