13:55, 08 Наурыз 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Үкіметке ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарын ұсынады
АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауында қаржысы жоқ студенттерге оқу ақысын төлеу үшін көмек көрсетілетіндігін айтты.
Осы бағыттарға мемлекет қосымша 11 мың грант пен студенттерге арналған 40 мың несие бөліп отыр. Бұл жайында Алматыда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттерімен өткізген кездесуінде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Д. Қалетаев атап өткендей, ҚР Үкіметі еліміздің білім саласын қолдауға аса көп көлемде қаржы бөлуде. «Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту болмайды», деді ол.Партия төрағасының орынбасары бүгінгі қиын-қыстау кезеңде жалпыұлттық міндеттерді шешу жолында қазақстандық қоғамды күш біріктіруге шақырды. «Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттемелерді шешуге және қоғамның барлық мәселелерін көзден таса қалдырмауға барынша күш салады», деді Д. Қалетаев.«Үстіміздегі жылы 100 мың түлек жоғары және орта арнаулы оқу мекемелерін бітіреді. Болашақ мамандарды еңбекпен қамту Үкімет үшін аса маңызды міндет болып табылады. Осы орайда, партия Үкіметке ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды ұсынады», деді Д. Қалетаев.