«Нұр Отан» қашанда қоғамның сұранысына жауап беруге тырысады - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясына жыл сайын мыңдаған азаматтың келіп жүгінуі - партияның ел ішінде жоғары абыройға ие екенін айғақтайды. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы Әлеуметтік экономика және саясат институтының сарапшысы Камила Ковязина осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» қашанда қоғамның сұранысына жауап беруге тырысады - сарапшы

«Партияның ішкі тәртібінің ерекшелігі мен эволюциясы негізгі фактормен - Қазақстандағы ең ықпалды партияның төрағасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен айқындалады. Оның жыл сайын халыққа Жолдауында айтылатын бастамалар партияның жұмыс жоспарында көрініс беріп отыр. Мәселен, партия мен оның жастар қанаты саты-саты сайын ұлттық қауіпсіздікті сақтауға басымдық бере отырып, білім, ғылыми әлеуетті дамыту секілді адам капиталын арттыруға қадам басады», - дейді сарапшы.

Камила Ковязинаның айтуына қарағанда, «Нұр Отан» партиясы әрдайым қоғамның сұранысына уақтылы жауап беруге тырысады.

«Мәселен, 2016 жылы сайлауалды бағдарлама дағдарысты еңсеру секілді маңызды міндеттерді есепке алса, қазіргі таңда партия басты назарды отбасы саясатына, көпбалалы аналардың жағдайына аударып отыр», - дейді Камила Ковязина.

Сарапшының сөзіне құлақ ассақ, партия өз жұмысын белгілі бір аудиторияға ғана емес, барлық тараптың мүддесін ескере отырып жүргізеді.

«Осы бағыт «Нұр Отанды» саяси партия ғана емес, жетекші мемлекеттік органдардың бірі ретінде көрсетеді. Көп жағдайда бұл партия мемлекеттік органдардың қызметін өзі алып келе жатқанын айта кету керек. Себебі, өз мәселесін шешу үшін қаншама халық партияға жүгініп жатады. Осы фактор партияның ел ішінде бедел-абыройы жоғары екенін айғақтайды», - деп түйді сарапшы.