«Нұр Отан» кеден қызметін бақылауға алмақ

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті және «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді.

«Нұр Отан» кеден қызметін бақылауға алмақ

Осы құжат аясында кеден органдарының ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін барынша жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тосқауыл қою жоспарланып отыр. Ол үшін Кедендік бақылау комитеті және «Нұр Отан» ХДП бірлескен жұмыс топтарын құрып, ортақ кеңестерді өткізу жұмысын қолға алмақ. Негізгі мақсат - еліміздің кеден органдары мен азаматтық қоғам институттары арасында әріптестік байланыс орнатып, осы саланың барынша ашық болуын қамтамасыз ету.

Айта кеткен жөн, 2011-2015  жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламаға сәйкес, бүгінде Кедендік бақылау комитеті осы бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындау жоспарын бекітті.