«Nur Otan»-ның кезектен тыс отырысында қандай мәселелер қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс отырысында екі мәселе қаралады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan»-ның кезектен тыс отырысында қандай мәселелер қаралады

«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:

1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», - деп жазды А.Оралов Facebooк-те.

Еске салайық, партияның кезектен тыс съезі 1 наурызда өтеді.