«Nur Otan» өңір тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» ел өңірлерінде халықпен кездесулерді жалғастыруда. Бүгін республикалық сайлауалды штаб мүшелері Атырау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» өңір тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда

Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесу барысында экология, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және өзге де мәселелер талқыланды.

Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен кездесті.

Осы күні нұротандықтар тағы да бірқатар кездесу өткізді, оның ішінде «Atyrau-Avtopark» автобус паркінің жүргізушілерімен жүздесті. Өзекті тақырыптар бойынша емін-еркін сұхбат құрып, «Nur Otan»-ның өңір мен қалада өмір сапасын жақсарту жөніндегі бастамалары туралы әңгіме өрбіді.