«Нұр Отан» партиясы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жүзеге асырылуына қадағалау жасау үшін медициналық мекемелерге бекеттер орнатпақ

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы қаңтардың 14-і күні Астана қаласында орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде, ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап республикада енгізіле бастаған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жүзеге асырылуына қадағалау жасайтын бекеттер ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында ел Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген - Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле бастады (БҰДСЖ). Оны орындау мақсатында ҚР Үкіметі 2009 жылғы тамыздың 4-і күні «ҚР Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдаған болатын.

«Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бекеттері денсаулық сақтау жүйесінің реформалану үрдісіне қоғамдық қадағалауды жүйелі ұйымдастыру және БҰДСЖ-ның енгізілу тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында құрылып отыр. Сондай-ақ, олар медициналық қызметтердің сапасы мен оларға қол жетімдікті қамтамасыз етіп, қызметтерді пайдаланушы азаматтармен кері байланысты орнатуға мүмкіндік бермек», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Бекеттердің негізгі мақсаты - БҰДСЖ жүзеге асырылатын барлық денсаулық сақтау мекемелерінде партиялық қадағалауды жүргізіп, жаңа жүйенің іске асу тиімділігіне тәуелсіз баға беру, сондай-ақ көрсетілетін кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ашықтығын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Бекеттерді таныстыру іс-шарасына «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев және басқа да құзырлы ұйымдардың басшылары қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар