«Нұр Отан» партиясы Қарағандыда еңбек қауіпсіздігі мен зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық форум өткізуде
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда ауыр және зиянды өндірістерде еңбек ететін жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық форумы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» партиясы мен Кәсіподақтар федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отырған бұл шараға партияның, кәсіподақтар федерациясының, министрліктер мен ведомстволардың, мемлекеттік атқарушы органдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ ауыр өндірістерде жұмыс істейтін еңбекшілер қатысуда.Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты: «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттерін әрі қарай жүзеге асыру, ауыр және зиянды өндірістерде еңбек ететін жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен оларды зейнетақымен қамтамасыз етуді оңтайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты зерттеп, оларды шешу жолдарын іздестіру, т.б. өзекті мәселелерді талқылау болып отыр».