«Нұр Отан» партиясы мақсаттарының терең мағынасын әрбір сайлаушыға жеткізуі тиіс - Н.Назарбаев

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббсов/ - Бүгін «Қазақстан. Мақсаттар-2017» ұлттық сайлауалды тұғырнамадағы нақты міндеттер бекітілді. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП-ның 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Нұр Отан» партиясы мақсаттарының терең мағынасын әрбір сайлаушыға жеткізуі тиіс - Н.Назарбаев

Қазақстанның ашық экономикасы әлемдегі ең қиын қаржы дағдарысын еңсере алғандығына тоқталған Елбасы «Біздің саяси, әлеуметтік жүйеміз қалтқысыз және тұрақты әрі тиімді жұмыс істеді. Бұнда «Нұр Отан» ХДП-ның еңбегі зор» - деп атап өтті.

Бұл тұрғыда Елбасы «Нұр Отан» нақты істердің партиясы болғандығын және алдағы уақытта өз мақсат-міндеттерін орындай беретіндігін қадап айтты. «Біздің сайлауалды тұғырнама "Қазақстан-2020» стратегиялық жоспары мен «Қазақстан-2030» стратегиясының құрамдас бөлігі. Сайлауалды тартыста біздің ортақ мақсатымыз - партия міндеттерінің терең мағынасын әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа жеткізу», - деді Н.Назарбаев.