«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының көшпелi отырысы өттi
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында көктемгi дала жұмыстары маусым айының басында аяқталыпты.
Аграрлар биыл егiн егу науқаны кезiнде 165 мың гектар жерге ырыс дәнiн сiңiрген. Шаруалар оның 117 мыңына бидай, 31 мың гектарға - майлы дақылдар, ал қалғанына бұршақты дақылдар еккен.
Искак Насыров - Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы:
- Биыл Мамлют ауданының шаруашылыктары қызу науқанды ойдағыдай аяқтады. Жуырда диқандар егiстiк алқаптарға гербецид сеуiпте үлгердi. Ендi тамыз айында субсидия аламыз. Қазiр оған қажеттi құжаттар Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде әзiрленiп жатыр. Ауданда мал басын арттыру мақсатында мемлекеттiк «сыбаға», «алтын асық», «Құлан» бағдарламалар сәттi сүзеге асуда.
Осы жылы Жамбыл ауданында көктемгi дала жұмыстары кезiнде 288 мың гектардан аса жерге ырыс дәнiн себiлiптi. Сондай-ақ, аталған ауданда мал шаруашылығы саласы да алға басып келедi. Биыл шаруалар жыл соңына дейiн мемлекеттiк «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында 1407 бас төрт-түлiктi сатып алу жоспарда бар. Тағы Жамбыл ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесi де оң жолға қойылған.
Алтай Сеитов - Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы:
- Жамбыл ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесi «Өңiрлердi дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламалары арқылы сәттi жүзеге асып келедi. Мәселен, жыл басынан берi 489 адам екi қолға бiр күрек тапты. Оның 380-i тұрақты қызметке орналасты.
Айта кеткен жөн, бұл «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының алғашқы көшпелi отырысы. Осындай жиындар арқылы ұйымастырушылар аудандардағы ауыл шаруашылығы және тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламаларындағы түйткiлдi мәселелердi анықтап, оларды бiр жақты етпек.
Болат Әбiлмәжiнов - Облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының төрағасы:
- Шаруалар мәiселен «Сыбаға» бағдарламасын бiлгеннiң өзiнде, оның қалай қаржыландыруын бiле бермейдi. Соны түсiндiру мәселесiн дамыту қажет. Және бағдарлама арқылы қалай құжаттарды жинап, ақшаға қол жеткiзуге болатындығын айтамыз.
Ендi алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының кезектi көшпелi отырысы Шал ақын ауданында өтедi, деп хабарлады mtrk.kz.