«Нұр Отан» партиясының жаңа атауы бекітілді

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде партияның жаңа атауы бекітілді.

«Нұр Отан» партиясының жаңа атауы бекітілді
Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, саяси бюроның кеңейтілген мәжілісінде партияның «халықтық-демократиялық» деген тіркесін алып тастап, «Нұр Отан» партиясы» деп қалдыру ұсынысы жасалған болатын. Осыған орай, бүгін съезге қатысушылар аталған ұсынысты қарап, бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ олар партияның жаңа эмблемасын мақұлдады. «Жаңа эмблема ХV съездің логотипі негізінде әзірленді. Күннің шығуы біздің жетістіктеріміз бен жарқын жеңістеріміздің көрінісі болса, таудың шыңы - жоғары мақсаттар мен халықтың ұмтылысы, барыс - күш пен мәрттік, партияның жазуы (эмблемадағы) Елбасының мемлекеттің дамуына қосқан тарихи үлесін көрсетеді. Ал «Нұр Отан» партиясы басымды күш ретінде сол дамудың негізі болуы шарт», - деп атап көрсетті Б.Байбек.