«Nur Otan» праймеризі: Алғашқы тіркеу күні 1 мыңнан астам өтінім түскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» праймеризіне кандидаттарды тіркеудің алғашқы күнінде қазақстандықтардан 1 мыңнан астам өтінім түсті. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кеше елімізде «Nur Otan» праймеризі басталғанын жақсы білесіздер. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ол тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл – Елбасы бастамасымен партия жұмысын «қайта жандандыру» мақсатында қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі.Кандидаттарды тіркеудің алғашқы күні 1 мыңнан аса адам өтініш берді. Олардың 336-сы әйел, оның 20-сы көпбалалы ана, 35 жасқа дейінгілерден 228 азамат, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар 8 адам. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 322 адам ұсынылса, 717 кандидат өзін-өзі ұсынды.⠀

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі үндеуінде атап өткендей, партия өз ісінің шеберлерін, ел тағдырына алаңдайтын тұлғаларды, шешім қабылдай алатын және конструктивті ұсыныстар жасай алатын жаңа азаматтарды билікке ұсынатын қайнар көз болуы тиіс», - деп жазды Б.Байбек Facebook-те. Оның атап өтуінше, партияішілік сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне партия тарапынан қажетті жағдай жасалған. Бастысы – айқындық пен тазалықты, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік пен бәсекелестікті қамтамасыз ету.⠀
«Партия Лидері азаматтарды толғандырып жүрген көкейтесті мәселелердің өзара сенім мен сыйластық аясында көтерілетініне сенім білдірді. Көтерілген мәселелерді партия бақылауға алуы тиіс. Әрбір ауданның, қаланың, облыстың сайлауалды бағдарламасына енгізу үшін барлық шешімді бюджеттің мүмкіндіктерімен үйлестіре қарастыру қажет.⠀
Еліміздің алдында пандемиядан кейін экономикалық өсімді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестің жұмысын жандандыру міндеттері тұр. Сонымен бірге пандемиямен күрес мәселелерін талдап, оның екінші толқыны орын алуы мүмкін жағдайға дайындалу қажет. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, нұротандықтардың алдағы 5 жылда атқаратын іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар болады.
Тағы да барлық партиялықтар мен «Nur Otan» жақтастарын елдегі аса маңызды саяси додаға белсенді қатысуға шақырамын!», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.


Автор: Мұхтар Асылжан

Соңғы жаңалықтар