«Nur Otan» праймеризі: ШҚО-да 18 көпбалалы ана депутаттыққа үміткер
Мәлім етілгендей, 1065 кандидаттың 18-і – көпбалалы аналар.
«Праймеризге қатысушылардың 41% - әйелдер, 23,4% - жастар. Соның ішінде Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейтін көпбалалы ана бар. Үміткерлер арасында ең жасы 18-де болса, ең үлкені 73-те. Ережеге сәйкес кәмелеттік жасқа енді толған жасөспірімдер қабылданбады», - деді ол.
Олег Чугунковтың айтуынша, аймақтағы азаматтардың праймеризге деген қызығушылығы жоғары.
«Бұл жерлестеріміздің маңызды саяси шараға бей-жай қарамайтынын аңғартады. Біз осы праймериз жұмыстарына қатысып жатқан азаматтарды келесі кезеңдерде де белсенді болуға шақырамыз», - деді ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.
14 қыркүйек күні пікірсайыс ұйымдастырылмақ. Оған кандидаттар міндетті түрде қатысуы тиіс. Кандидаттарға басқа үміткерлерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар олар жеке қаражаттары есебінен үгіт-насихат жұмыстарын өткізе алады.