«Nur Otan» сайлауалды штабы Шығыс Қазақстанда 20 шақты кездесу өткізді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді. Штаб өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді.
Өскемен титан-магний комбинатының ұжымымен кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары талқыланды.
Бұдан кейін сайлауалды штаб мүшелері Өскемен қаласындағы 19-ықшамауданның тұрғындарымен кездесті.
Қалалықтарды негізінен аулалар мен балалар алаңқайларын абаттандыру, қоғамдық көлік жұмысы мен коммуналдық қызметтер сапасы секілді мәселелер толғандырады.
Аталған мәселелерді шешу үшін нұротандықтар бірқатар нақты міндеттерді пысықтады.
Осы күні «Nur Otan» өкілдері облыстағы Ана мен бала орталығына барды.

Отбасын қолдау мен нығайту – елдің табысты дамуының кепілі.
Көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасын жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.