Nur Otan Talks: «Қазақстанды өзгерткен бастамалар» талқыланады
Шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин қатысады.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының бастамаларына оларды іске асыруға тікелей атсалысқан жандардың көзімен қарауға тамаша мүмкіндік туады. Пікірталас алаңының спикерлері Н.Назарбаевтың маңызды бастамалары, олардың қалай қабылданып өмірге енгені, бүгінде біздің әрқайсымыз Президент бастамаларын іске асыру жолында не істеп жатқанымыз жайлы айтып береді.
Негізгі назар Президенттің Қазақстандағы қоғам дамуының тұрақты негізін қалыптастыруға бағытталған бастамаларына аударылатын болады.