«Нұр Отан» тілдерді дамыту бағдарламасын талқылады

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды.

«Нұр Отан» тілдерді дамыту бағдарламасын талқылады

Осыған орай өткен арнайы «дөңгелек үстел» отырысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік дамыту қорының директоры Азат Шауеев атап көрсеткендей, Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - еліміздің негізгі төрт бағдарламасының бірі. Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған бағдарламаға ерекше мән беріп келеді. «Сондықтан біз бағдарламаның жобасын жан-жақты зерделеп, қазақ тілін еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірліктің негізгі факторына айналдыруымыз қажет», - деді А.Шауеев.

Отырыс барысында мәлім болғандай, Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қазақ тілін білетін қазақстандықтардың үлесін 60 пайыздан 95 пайызға дейін көтеру көзделіп отыр.