«Нұр Отан» ұстаздарды марапаттады

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында алдағы мұғалімдер мерекесіне орай ұстаздарға құрмет көрсету іс-шарасы өтті.

«Нұр Отан» ұстаздарды марапаттады

Салтанатты шара барысында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов елордадағы Ана мен бала ұлттық орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, сондай-ақ бірқатар мектеп пен балабақша ұстаздарына алғыс хат тапсырып, ақшалай сыйақылармен марапаттады. «Ұстаз» деген сөздің астарында үлкен мән-мағына бар. Бұл - қастерлі ұғым. «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин тегіннен-тегін айтпаған ғой. Себебі ұстаз ғана адамға өмір жолын таңдауға көмектесіп, өзінің ішкі қабілетін іске асыруға мүмкіндік береді», - деді өз сөзінде Қ.Жаңабергенов.