«Нұр Отанда» Талғат Ермегияевті партиядан шығару мәселесі талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылып отырған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев әзірге «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған жоқ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов журналистерге берген сұхбатында айтты.
None
None

«Бұл мәселе қазір Т.Ермегияев тіркелген біздің «Бірлік» аумақтық филиалында талқыланып жатыр. Онда жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысынан кейін шешім шығарылады. Біз бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 11 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.

12 маусымда оны «үйқамаққа» алу туралы сот үкімі шықты. Күдіктіге ҚР ҚК 176-бабы (сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену немесе ысыраптау) бойынша айып тағылған.

Соңғы жаңалықтар