«Нұр Отанның» Бас аппаратында зиялы ұлтты қалыптастырудағы отбасының рөлі талқыланды

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында зиялы ұлтты қалыптастырудағы отбасының рөлі мәселесі талқыланды.

«Нұр Отанның» Бас аппаратында зиялы ұлтты қалыптастырудағы отбасының рөлі талқыланды

Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Нұр Отан»ХДП жанындағы Құқықтық кеңес, ҚР Мәдениет министрлігі және Үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес» Алматы конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жұмысына ғалымдар мен сарапшылар, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстандық зиялы ұлтты қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде алғаш рет Елбасы, «Нұр Отан»ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жасаған жария дәрісінде көтерілген еді.

«Зиялы ұлтты» қалыптастыру - 21 ғасырда қоғамды жаңғыртудың жолы, онда дамудың басты көзі креативті адам болады. Шығармашылық, бұл - адамның өзін-өзі жұмылдыру үдерісі, ол әркімнің өзінің рухани байлығы болуын, жеке тұлғаның даралығы мен төл қасиеттерінің болуын көздейді. Сондықтан да бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи-мәдени мұраның барлық саналуандығы - болашақтың рухани негізі мен қайнар көзі болып шығады, оларды сақтау мен толықтыру үрдісімен біздің «зиялы ұлтқа» ұмтылған жолымыз да шын мәнінде басталып кетті деуге болады.

Құқықтық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіровтің пікірінше, зиялы ұлт ұғымы білім мен дағдыларды қолдану қабілеті ретіндегі технократтық құбылыс тұрғысында ғана бейнеленбеуге тиіс. Бұл уақыттың рухани сынақтарына жауап беруге үндейтін құндылықты мәдениет. Осы мағынасында ол қазіргі заманғы ұлттық мәдениет ретінде танылуға тиіс, оны қалыптастыру міндеттері де біздің қоғамымыздың алдында тұр.