«Нұр Отанның» жаңа бағдарламасы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді» - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 1 қазан, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

«Нұр Отанның» жаңа бағдарламасы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді» - республикалық басылымдарға шолу

***

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік магистранттарына Назарбаев стипен­дия­сы мен төсбелгі тапсырды. Назарбаев стипендиясы - еліміздегі ға­лымдар мен педагогтардың еңбегіне тың серпін беру мақса­тын­­да еліміздің жас магистранттарына алғаш та­ғайын­далған. Онда Елбасы «Тарихи 20 жылдық елдің есінен еш уақытта ұмы­тыл­май­ды. Қазақстан Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі кездескен бар­лық қиындықты үлкен күш-жі­гер­мен еңсерді. Бүгінде Оң­түс­тік-Шығыс Азиядағы дағдарыс, 2008-2010 жылдардағы аса ауыр қар­жы­лық-экономикалық дағда­рыс әлі де жалғасуда. Еуропа бұл қиын­дықтың әсерімен әлі де кү­ресу үс­тінде, - деп атап көрсетті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Терең білім елді еңселі болашаққа бастайды» деген тақырыппен жарияланды.

Сондай-ақ аталмыш басылым әйгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен болған сұхбатты жариялапты. «Онда ғарышкер Желтоқсан оқиғасы на­мыс­тың оқиғасы болды ғой. Бас­қасын былай қойғанда, күн­делікті өмірде - дүкендер мен мекемелерде, мәдени орталарда орыстардың қазақтарға қы­рын көзбен қарауы болғаны жасырын емес. Халықтың ара­сына сызат түсті. 1987 жылы 23 ақпан күні - Қызыл армияның құ­рылған күні қарсаңында мен 1986 жылғы қарашадағы әс­кери тапсырманы үздік орын­дауыма байланысты Кеңес Ода­­ғының Батыры атағын алуым керек еді. Горбачевтің көзі тірі, КСРО-ның ең озық ойлы аза­мат­тары қол қойған ұсыныс құ­жатқа пысқырмай, «қазақтың аты жазылған» деп лақтырып жіберген», -деген ойымен бөліседі. Бұл сұхбат «Егемен Қазақстан» басылымының бетінде «Қазақтың намысы екенімді ұққан күнім...» атты тақырыппен жарияланды.

***

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнесті4 үлесін 40 пайызға жеткізу туралы міндет жүктеген болатын. Отандық бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің хал-жағдайына жалпы еңбек нарығындағы жағдай не болмаса бюджеттің толығуы, сондай-ақ кең ауқымды мемлекеттік жоспарлардың орындалу тиімділігі де тікелей байланысты. Сол себепті бизнес климатты жақсарту, кәсіпкер құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері үнемі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бақылауында болады. Бұл мәселе «Айқын» басылымының бүгінге санында «Нұр Отанның» жаңа бағдарламасы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді» атты тақырыппен жарық көрді.

«Қазақ және Жапон тілдерінің грамматикалық ұқсастықтары баршылық. Сондықтан маған қазақ тілін меңгеру өте оңай болды. Ал «әдістеме, сапалы оқулықтар жоқ» деу бос сөз, тіпті сылтау дер едім. Бәлкім Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, ел еңсесін енді көтеріп жатқан кезде әдістемеліктер жеткіліксіз болған да шығар. Бірақ қазір жаңа заманға сай әртүрлі әдістемелер, оқулықтар, тіл үйретететін білікті де сапалы мамандар жеткілікті»,-деді Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының оқытушысы Масуджама Шигенобу.

Бұл сұхбат «Айқын» басылымының бүгінгі санында «Мемлекеттік тілді бір жарым жылда меңгеріп алдым» атты мақалада.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының «Сарапшы» клубының алғашқы мәжілісі өтті. Онда биылғы жылы Маңғыстауда болған мұнайшылардың көтерілісіне қатысты мәселе сөз болды. «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылған аталмыш клуб мұнайшылар жөнінде не дейді. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымының бүгініг санындағы «Открытый диалог» атты мақалада.