Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытында қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылды. Аптасына 2 рет жасалатын рейске билет бағасы 20 евродан басталады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды

2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды.

«Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытындағы рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Бір бағытқа билеттің бағасы 20 евродан басталады.


құтқарушылар
Ұқсас жаңалықтар

Түнде Іле Алатауында адасып қалған екі қыз құтқарылды - ТЖМ