21:51, 02 Қаңтар 2020 | GMT +6
Нұр-Сұлтан әкімдігі қар тазалайтын техникалар сатып алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 60-тан астам қар тазалайтын техника сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
«Жолдар мен тротуарларды қардан тазалауға арналған қосымша 60-тан аса техника алынды. Оның ішінде өзі аударатын жүк көлігі, фронтальды тиегіштер, автогрейдерлер, тракторлар және т.б. бар. 2019 жылдың желтоқсанында коммуналдық қызмет көрсету паркі 70-ке жуық арнайы техникамен толықты», - деп жазылған қала әкімдігінің Instagram парақшасында.
Сонымен бірге, қосымша тағы 50-ге жуық арнайы техника сатып алынады. Оларды көктемде және жазда пайдалануға болады.
Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда 15 электр автобус пайдалануға берілді. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус және баласы бар жолаушыларға арналған орындармен жабдықталған.