Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақ қозғалтқышынан құс белгілері анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды. Бұл туралы «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Нұр-Сұлтан -Алматы- KS 9960 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс белгілері анықталды. Салдарынан қозғалтқыш қақпағы зақымдалды (майысып қалған)»,- деп хабарлады «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компания мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Аir Astana» инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.

Еске салайық, 23 тамыз күні Ыстанбұл – Алматы бағытындағы ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылған еді.

Сондай-ақ 18 тамыз күні Алматы - Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына да құс түсіп кеткен болатын. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау - Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады.




Фото: t.me/PR_AirAstana/84


Соңғы жаңалықтар