Нұр-Сұлтан - Алматы рейсін орындау кезінде ұшаққа құс соғылғаны анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – SCAT әуе компаниясының ұшағы «Нұрсұлтан-Алматы» рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуылды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Ұшақ экипажы Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», - деп хабарлады компаниядағылар.

Ұшақты тексеру кезінде құстың іздері анықталды. Әуе кемесі бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар