Нұр-Сұлтан - Бішкек авиарейсі қайта жанданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан арасында тұрақты әуе қатынасы қайта жанданады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан - Бішкек авиарейсі қайта жанданады

«2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.

Нәтижесінде «Эйр Астана« әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды», - делінген министрлік ақпаратында.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.