13:50, 17 Наурыз 2020 | GMT +5
Нұр-Сұлтан емханаларындағы жоспарлы қабылдаулар кейінге шегеріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан емханаларындағы жоспарлы қабылдаулар кейінге шегеріледі. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Емханалардағы жоспарлы қабылдаулар кейінге қалады. Ал шұғыл қабылдаулар жалғаса береді. Бірақ, әр медициналық мекеме шешімді дербес қабылдайды. Біз нұсқау бердік. Яғни, дәрігерге осы аптаға не келесі жұмаға жазылып қойған адамдарды қабылдау кейінге шегеріледі», - деді Диас Ахметшәріп.