«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында 300 автокөлік тұрып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Ерейментау ауданы аумағында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында қар құрсауында қалған көліктер мен адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екпінді жел мен боранның салдарынан Ерейментау ауданында төтенше жағдай орын алып жатыр.

Ақмола және Павлодар облыстарының шекарасында ақтүтек боран болып тұр.

Жол қызметтері р еспубликалық маңызы бар автожол ды жа уып, азаматтарға жолға шықпауды ескертуде .

Алайда , азаматтар соған қарамастан жолға шығып, қиындықтарға тап болып жатыр.

« Нұр- С ұлтан-Ерейментау-Шідерті » автожолында 300-ге жуық автокөлік тұрып қалды . Жылыту орындарына 45 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды . Қазірге кезде көліктерді автоколоннамен елордаға жеткізу мәселесі шешілуде» , - де ді ведомстводан.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қар алып қалған жолдарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Алайда, екпінді жел мен бұрқасын жолшылардың жұмысына біраз қиындықтар туғызды.

«ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына ауа райының жайсыздығын ескертіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді. Жолдардың жабылуы туралы «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша біле аласыз», - деп толықтырды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар