Нұр-Сұлтан қаласында 32 әуе рейсі кешіктірілуде
Сонымен бірге, 17 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай жатыр.
Атап айтқанда, «Air Astana» әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), «Qazaq Air» әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалалырна 2 рейсі, «Fly Arystan» әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, «LOT Polish» әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген.
«Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр.
Мәселен, «Air Astana» әуе компаниясының 7 рейсі, «Qazaq Air» әуе компаниясының 2 рейсі, Fly Arystan» әуе компаниясының 2 рейсі, сонымен бірге «LOT Polish», «Lufthansa», «Turkish Airlines» және «SCAT» әуе компанияларының бір-бір рейсі.
Боранның көтерілуіне байланысты әуе сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін мұздауға қарсы өңдеуге рұқсат берілмейді.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.