Нұр-Сұлтан қаласында 47 ойын терминалының иесі сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында 47 ойын терминалының иесі сотталды

Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген.

«Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. сәйкес айыпты болып танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды»,-делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.