Нұр-Сұлтан қаласында қанша құрылыс нысанында жұмыс жанданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалада құрылысын саласындағы жұмысы жанданған нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 сәуірден бастап өнеркәсіптік әрі индустриалдық кәсіпорындардың жұмысы жанданды. Аталған секторда 20 мыңнан астам адам жұмысқа кірісті», - деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар құрылыс секторындағы жұмыстар қарқын ала бастады.

«20 сәуірдегі жағдай бойынша, 970 нысанның құрылысы уақытша тоқтатылған еді. Құрылыс қарқыны 153 нысанда сақталды, яғни бұлардың қызметін тоқтату негізсіз болды. Ал 20 сәуірден кейін 500-ден астам нысанда құрылыс шаралары жанданды. Барша құрылыс компанияларымен тиісті шарттарға қол қойылды. Онда компания басшылары жұмысшыларды тасымалдауға, сондай-ақ маскамен, қолғаппен және антисептикпен қамтамасыз етуге міндетті екені ескерілді», - деді әкімнің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, асханаларда адамдар бекітілген қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті болады.

«Талаптар сақталмаса, нысандар жабылады. Бірінші кезеңде құрылыс саласында 40 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады», - деді Б. Мәкен.


Соңғы жаңалықтар