Нұр-Сұлтан қаласындағы Әуезов көшесі жартылай жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады», - делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп аталып өткен басқарма хабарламасында.