Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің қызметкері коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 14:35-тегі жағдай бойынша Ақмола облысында 1 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1990 жылғы азамат Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері. Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы таратқан ақпаратта.
COVID-19-ды Ақмола облысында 93 адам жұқтырған. Целиноград ауданында ‒ 83, Аршалы ауданында және Көкшетау қаласында — төртеуден. Шортанды ауданында енді екі адам тіркелді.