Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде түнгі уақытта Ресейде шығарылған екі автокөлікті ұрлап әкеткен Нұр-Сұлтан қаласының бұрын сотталған тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Департамент қызметкерлері аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккендерге 8 (7172) 71-61-07 немесе 102 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автокөлікке дабыл орнатуды, автокөлікті күзетілетін тұрақтарға және автопаркингтерге қоюды, автокөлік салондарында бағалы заттарды қалдырмауды ұсынады.