Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік құрылысын жоспарлау ережесі бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мәслихаты Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құжат ашық НҚА сайтында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 18 мамырға дейін жалғасады.

Құжатта айтылғандай, Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау кезінде қоғамдық талқылауды Заңның 13-бабы шеңберінде ашық және жария түрде өткізу, қоғамдық тыңдаушылардың пікірін ескеру, Қазақстан аумағында нормативтік-техникалық талаптарды, қаланың бас жоспарын сақтау, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары әлеуметтік-экономикалық стратегиясына сәйкес жайлы орта құру, қала тұрғындарының пікірін ескеріп, қоғамдық кеңістіктерді, көшелер мен аулаларды қайта жаңартуды жобалауды жүзеге асыру, қадамдық қолжетімділік талаптарын ескеріп, функционалдық аймақтарды ықшамдап орналастыру және қоғамдық орталықтар жүйесімен, әлеуметтік және күнделікті қамтамасыз ету, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерімен өзара байланыстыру қажет.

Сондай-ақ, аумақтың кешенді қауіпсіздігін, оны табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету, Нұр-Сұлтан қаласын дамытуды көпорталылық, кешенді және жинақы құрылыс қағидаты бойынша жүзеге асыру, қала аумағының нормативтік және табиғи желдетілуін, инсоляция және қоршаған ортаның шуынан оқшаулауды сәулет және қала құрылысы әдістерімен қамтамасыз ету керек.

Бұдан бөлек, құжатқа сәйкес, қала аумағында құрылыс салуды жобалау (жол берілетін қабаттылық, ғимараттардың конфигурациясы мен орналасуы, құрылыс салу тығыздығы) халықтың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ету және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жел режимінің әзірленген картасына сәйкес жүргізілуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар
telegram