Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ашық әрі мазмұнды диалог орната білді - ҚР Президенті
«Келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл толады. Ал біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды әрі тарихи оқиға», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті.
«Біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз белсенді түрде нығайып келеді. Қос елдің кәсіпкерлері белсенді түрде серіктесе жұмыс атқаруда. Бүгінге дейін бірікке 350 кәсіпорын құрылған. Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан Әбу-Даби Плаза – осы сөзімнің жарқын мысалы бола алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді.