Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмыс істей бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ретте басты талап — карантин жағдайында қарастырылған қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау болып отыр.

Мемлекеттік комиссия бекіткен ШОБ субъектілерінің қызмет түрлері:

Нұр-Сұлтан қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;

автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;

екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;

қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылды.

Алматы қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;

нотариустер алдын ала жазылу бойынша;

тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар