Нұр-Сұлтан мен бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.
Көкшетау қаласында түнде және таңертең күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
2 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні - 15-20, 23 м/с.
Осы күні Түркістан қаласында кей уақытта шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр.
2 тамыз күндіз Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел қарқыны - 15-20 м/с жетеді.
2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні түнде кей жерлерде және күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.