Нұр-Сұлтан мен өзге 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК сәрсенбі күні Қазақстан қалаларында метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәліметке сәйкес, 4 наурызда Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.