04:21, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
Нұр-Сұлтан мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 24 тамыз, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл және Ақтөбе қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.