Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 22 желтоқсан күні сағат 19.00 бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске жабылды.

Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.

Жол жабылуына себеп - көктайғақ, қар, бұрқасын.