Нұр-Сұлтан оқушылары үшін 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушылар үшін 34,5 мың компьютер сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Нұр-Сұлтан әкімдігінен мәлім еткендей, әлеуметтік осал топтағы балаларды қашықтан оқыту кезінде компьютермен және роутермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл, осы санаттағы барлық баланы қамтуға мүмкіндік береді. Яғни, қажетті техника 34,5 мың балаға беріледі.

«Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың« жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте, барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30% жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз, 7 мың бала «Мектепке жол« акциясымен қамтылады.

Сондай-ақ, балабақшалардағы «кезекші топтардың« жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар