«Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» - Елорда әкімдігінде маңдайша жазуы өзгерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ғимаратындағы маңдайша жазуы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін күндіз қала әкімдігі ғимаратындағы маңдайша жазуы өзгертілді», - деп нақтылады елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Атап айтқанда, ғимараттың кіреберісінде латын графикасындағы әліпби бойынша «Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» және «Акимат города Нұр-Сұлтан» деген жазу пайда болды.
Сонымен қатар, сол жерде өзгертілген қалыпта «Nur-Sultan qalasynyń máslIhaty» жазбасы да ілінді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.
Парламент Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады.
Кейіннен Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.