Нұр-Сұлтан - сары аймаққа, Алматы қызыл аймаққа жақындап қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан - сары аймаққа, Алматы қызыл аймаққа жақындап қалды

Онда Алматы қаласы «сары» аймақта, қалған өңірлер «жасыл» аймақта екені жазылған. Яғни, әзірге өзгеріс жоқ. Алайда, картадан Нұр-Сұлтан қаласының «сары» аймаққа, Алматының «қызыл» аймаққа жақындап қалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды.