Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түстен кейін Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды

Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан Нұр-Сұлтан-Щучинск бағыты бойынша тас жолда барлық автокөлік түрінің қозғалысы шектелді.

Еске сала кетсек, аталмыш бағыт таңертең сағат 09:00-да ашылған болатын. Өйткені онда түнгі сағат 00:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелген еді.